Экономика есеп-қисапсыз болмайды
2021 ж. 13 шілде
2881
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдап, алда атқарылуға тиісті бірқатар тапсырмалар берді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін бірден-бір орган. Бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалап, орын алған кемшіліктерді анықтап түзетуде үлкен рөл атқарады.
Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді. Құжат Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын.
Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады.
qazaquni.kz