"Ақ жол" партиясы БАҚ өкілдерін құттықтады

"Ақ жол" партиясы БАҚ өкілдерін құттықтады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «Ақ жол» партиясы алматылық журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті. Мерекелік іс-шараға елордадан арнайы келген «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты, белгілі ақын Қазыбек Иса бастаған ақжолдықтар алматылық журналистердің қызметтеріне сәттілік тіледі. Партия төрағасы Азат Перуашев Байланыс және ақпарат күні құрметіне орай, еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік, мәдени-рухани өміріндегі өзекті мәселелерді кәсіби біліктілікпен көтеріп, халыққа ақпарат жеткізуге және «Ақ жол» партиясымен ынтымақтастыққа қосқан үлестері үшін журналистерге партияның алғыс хаты мен Қазақ Республикасының жүз жылдығына арналған мерекелік медальдарды табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Қайнар Олжай, Зейнолла Абажан, Серік АбасШах, Серік Жанболат, Мақпал Орынбет, Сәуле Жиреншина, Амангелді Сейтхан, Нұргелді Әбдіғани, Асхат Қасенғали секілді елге танымал қаламгерлер болды.

qazaquni.kz