Шілде айында қазақстандықтар 10 күн демалады
2021 ж. 29 маусым
1175
0

Алдағы шілде айында қазақстандықтар қатарынан 3 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Демалыс күнін 2021 жылы ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 қаулысына сәйкес демалыс күні 2021 жылғы 3 шілде сенбіден 5 шілде дүйсенбіге ауыстырылған. Ал 6 шілде елорда күні. Осылайша қазақстандықтар 4, 5, 6 шілде демалады. Жалпы Қазақстан тұрғындары шілде айында 10 күн демалады.
Айта кетейік, 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде тойланады.