“Ақ жол” қарттар үйіндегі блогерді құрметтеді

“Ақ жол” қарттар  үйіндегі блогерді құрметтеді

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясынан сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ноян Төлегенов және " Ақ жол" ҚДП Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері "Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні" мерекесіне байланысты Шымкент қаласында орналасқан "Қарттар үйі" мекемесіне барып ең жасы үлкен блогер, " Ақ жол" Демократиялық партиясының белсенді мүшесі Мамбет Құрманбаевты мерекесімен құттықтап, оған арнайы "Ақ жол" Демократиялық партиясының президиумымен бекітілген "Қазақ Республикасының 100 жылдығы" мерекелік төсбелгіні табыс етті. 


Айта кететін жәйт, Мамбет Құрманбаев атамыз 68 жаста, зейнеткерлікке дейін әр түрлі әкімшілік қызметтер атқарған. Қарттар үйіне қоңыстанғалы бері әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. 


Өз кезегінде Мамбет аға барлық ақжолдықтарға ризашылығын білдіріп, әсіресе "Ақ жол" ҚДП төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашевқа, "Ақ жол" ҚДП төрағасының орынбасары Қазыбек Исаға, Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ә.Д Абжановқа, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Н.Н. Төлегеновке алғысын айтып, олардың бастамаларын толығымен қолдайтынын жеткізді.