Сенат жер сатуға мораторий мерзімін ұзартатын заңды қабылдады
2021 ж. 25 маусым
1500
0
Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және жер қатынастары саласындағы негізгі проблемалық мәселелерді талқылау және олар бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін арнайы құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссия қызметінің қорытындысы бойынша әзірленген болатын.
"Отандық жер пайдаланушылар үшін жалға беру институтын сақтау және Қазақстан азаматтарының жеке меншігіне ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі Жер кодексі ережелерінің қолдануға мораторийді ұзарту туралы тұжырымдамалық шешім қабылданды", - деді сенатор Ақылбек Күрішбаев.
Жер кодексіне жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтетін түзетулер енгізілді. Сондай-ақ шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге тыйым салынады.
Отырыс барысында заң жобасында сондай-ақ жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарда көрсетілген және жеке ауладағы жануарларды жаюға қажетті жайылымдық жерлерді жеке меншікке және жер пайдалануға беруге тыйым салу белгіленгені атап өтілді. Бұл норма жайылым жерлері тапшы ауыл тұрғындарының проблемаларын шешуге жәрдемдесу үшін маңызды.