Балықтың қырылу себебін болжаған әкімді халық әжуә қылуда
2021 ж. 14 маусым
2907
6
Атырау облысында Қызылқоға ауданының Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балықтар қырылып жатыр, деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Өлген балықтар Ноғайты өзені Сағыз өзеніне құятын жерден табылды. Бұл факт 9 маусымнан 10 маусымға қараған түні анықталды.
«Біз уақытында келдік, облыстан арнайы комиссия да келді. Екі өзеннің түйіскен жерінде балықтар қатты зардап шеккен. Біздің ойымызша, жылқы зәрі суға араласқаннан немесе қойларды өзенге түсіргеннен балықтарға ауа жетіспегеннен қырылды», - деді Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.
Желі қолданушылары әкімнің сөзін әжуә қылып, түрлі пікірлер жазуда. Біреулер оны «фантазер» деп атаса, енді біреулер қызметтен алуын талап етуде.