ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ ҚОЙ ҚЫРҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ ҚОЙ ҚЫРҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Еліміздің әрі өңірінен қырықтықшылар алдағы додаға қызу дайындық үстінде. Тарағың өткір болса жеңіс те жақындай түсетіні анық. Сонымен жеребе тасталып,үміткерлер анықталған соң чемпионат басталып кетті. Әр үміткер санаулы уақыт ішінде 15 қойды қырқып бітіуі тіис. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Сайдың тасындай іріктелген жігіттер айтулы додаға асқан дайындықпен келгендері көрініп тұр. Әр қойды біражарым минутта қырқып, 15 қойды 32 минутта қырқып шықты. Айтуға оңай. Алайда алғашқы болып аяқтаған жігіт ақ тер-көк терге түсті.

РУСЛАН ҚАРЫМБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Оңай болған жоқ. Бірақ салмағы да ауыр, қой да ауыр нормальный болды. Балаларға сәттілік тілеймін. Жеңіс тілеймін балаларға».

Әр қатысушының жыдамдығы әрқалай. Бірі бір қойды бір минуттан аса қырықса, енді бірі 4 минутқа дейін уақыт жұмсады. Жарысқа қатысқан 22 үміткер айналдырған 2 сағат ішінде 300 астам қойды қырқып үлгерді. Қой қырқудан алдына жан салмаған Жамбыл облысының тумасы чемпион атанды.

Нұрболдың жеке рекорды бір күнде 250 қой қырқу екен. Көктемнен бері 5 мың қой қырыққан ол 15 қойды 27 минутта қырқып, рекорд орнатты. Осылайша 150 мың теңге мен құны мың еуро тұратын немістің қой қырқу машинасын жеңіп алды.

НҰРБОЛ КЕҢ, БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ: «Бүгін біржарым минутта қырықтым бір қойды. Менікі 40 секундт негізі қой ауыр болып қалды. Өзімнің жеңісіме ризамын.

Алдағы уақытта мүндай жарыстар дәстүрлі түрде шопандар күнінде ұйымдастырылмақ. Биыл алғаш рет өтіп отырғандықтан қатысушыларға талаптың аса жоғары болмағанын жеткізді. Келер жылдан қырқудың сапасына мән берілмек.