Мұндай бағамен халық қалай күнелтеді? - Мәжіліс депутаты базарды аралады
2021 ж. 11 маусым
4761
48
Мен кеше Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясф Фракциясы мүшесі ретінде, 31-каналдың журнаситі, бауырым Айбар Төлжанұлымен Нұр-Сұлтан қаласының базарларының бағасына сараптама жасап шықтым.
"Шемішкенің майы" әр-бір жанұяда ең көп қолданылатын тағам түрі.Бүгінде бұл тауардың бағасы 870 тен 920 тенгеге дейін. Сатушы қарындастардың айтуынша, "шемішкенің майының" бағасы аяққы жылы 20-пайызға өскен.
Дәл солай қант, тұз, гречка, күрішке дейін бағаның күрт өсуі байқалады.
Мұндай бағамен "халық қалай күнелтеді" деген сұрақ туады.
"Министрлер, Әкімдер неге осылай жүрмейді" деген сұрақ туады.
Бұл қиын емес қой.
Бағаны қолмен сезіну, көзбен көру өте маңызды!
"Азық-түліктің бағасы қымтбаттауының импорттық тамыры бар" дейді кейбір сарапшылар.
Рас, көптеген тауарлар бізге көрші Ресеймен, Белоруссиядан келеді.
Олай болса, өзіміздің отандық өндірушілерді қолдауымыз керек!
Оларға преференция жасау арқылы, халық басым тұтынатын тауарлардың бағасын Үкімет қадағалап, бақылап, реттеп отыруы керек!
Ең негізгісі, делдалдардың, арадағы алып-сатарлардың тізбегін қысқарту керек.
Бұл тауарларды сақтайтын складттардың аренда бағасын төмендету керек.
Стратегиялық запас жасау керек.
Бұл түсінікті нәрсе емеспе?
Біз баға мониторингісін жалғастыратын боламыз...
Біз азық-түлік тауарларының бағасының динамикасын зерттей отырып, Үкіметке мәселе қоятын боламыз!
Ерлан Саиров,
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
Фейсбук парақшасынан