ОНЛАЙН-ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРМЕН КҮРЕСЕТІН АРНАЙЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАНАДЫ

ОНЛАЙН-ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРМЕН КҮРЕСЕТІН АРНАЙЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАНАДЫ

Техника мен технология жедел дамып, оның жаңа түрлері өмірге келіп жатыр. Соның бәрі адамзатқа қызмет ету үшін жасалуда. Өкінішке орай, осы жетістіктерді теріс пиғылдылар қылмыстық жолмен өз пайдасына қолданатындар да бар. 

Соңғы кездері интернет, телефон, ватсап алаяқтардың көбейіп кеткені белгілі. Қылмыс әлемі енді онлайн режимде жұртты алдауға кірісті. Қашықта отырып қарапайым адамдарды қан қақсататын мұндай қылмысқа қарсы күресу үшін Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында арнайы мамандар даярлана бастады. Мұндай шешім өткен жылы қабылданған болатын. Енді полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің күзетшілері ғана емес, бағдарламашы да болады. Оларды түрлі хакерлермен қалай күресуге үйретпек.

-Технология күн сайын өзгеріп жатқан қазіргі заманда киберқылмыспен күресу өте маңызды болып отыр, -дейді Алматы академиясының бастығының орынбасары Жанат Дилбарханова,-Аталған қылмыспен күрес мамандығына біздер осы саладан тәжірибесі бар кадрларды тартып отырмыз. Оларды дайындауға басқа да ұйымдар мен мекемелер қатысуда. Енді онлайн-алаяқтардың еркінсуі басылып, заң алдында жауап беретін күндері де алыс емес.

 Жанар ТҰРСЫНҚАЗЫҚЫЗЫ