Жасыл қала неге тұманды қалаға айналды? – «Ақ жол» Алматының даму тұжырымдамасын қайта қарауды талап етті
2021 ж. 27 мамыр
1734
0
Жасыл қала неге тұманды қалаға айналды? – «Ақ жол» Алматы қаласының даму тұжырымдамасын қайта қарауды талап етеді. Осы мәселе бойынша фракцияның депутаттық сауалын Андрей Линник жолдады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға
Іле Алатауының етегінде орналасқан, бір кездері жасыл желекке оранған, тұрғындар мен қонақтарды тау самалымен қуантқан гүл Алматы бүгінде тұманды қалаға айналды. Ал жайлы құрылыстардың орнына таулардың әдемі пейзаждарын жауып тұратын «темір құбыжықтар» пайда болды.
Тау бөктеріндегі бассейннің орналасқан жерін ескере отырып, қала қатты газданудан, автомобильдердің көптігінен және онымен байланысты көлік мәселелерінен зардап шегеді. Мұның бәрі экологиялық жағдайға және ұлт денсаулығына теріс әсер етеді.
Бұдан басқа, бақылаусыз құрылыс салу, жасыл желектерді жаппай кесу, қалалық инфрақұрылым қуаттарының тапшылығы, сондай-ақ халықтың көп болуы проблемасы өткір болып отыр. Бастапқыда 400 мың тұрғынға арналған қала бүгінде екі миллионға жуық адамды құрайды. Әлі есепке алынбағаны қанша?
Сараптамалық мәліметтерге сәйкес, Алматы әлемдегі ең ластанған 5 қаланың қатарына кіреді.
Соңғы 40 жылда бір адамға шаққандағы жасыл желектер саны екі есе азайды. Бүгінгі таңда экологтардың пікірінше, 2 миллионнан астам ағаштың 25%-ы ауру және әлсіреген күйде.
Халық тығыздығының артуымен құрылыстар салынуы үшін сау ағаштар жаппай кесілуде, аз қабатты ғимараттардың жанында алып құмырсқаларға ұқсайтын мұнаралар салынып жатқанда қаланың қалыптасқан сәулеттік келбетіне мән берілмейді.
Мысалы Самал шағын аудандарын алайық., әрқашан жасыл желекке оранған және кез келген алматылықтың көгілдір арманы болған аудан бүгінде сұр тұман басқан «тас джунглиге» айналған.
Әрине, құрылыс салушылар орманды қалпына келтіру міндеттемесін алып отыр. Алайда, іс жүзінде, ғасырлық тарихы бар кесілген ағаштардың орнына бір жарым метрлік көшеттер отырғызылады. Олар әрі қарай өмір сүрген жағдайда ғана бірнеше ондаған жылдан кейін ғана жойылған экожүйенің орнын толтыра алады.
Мұның бәрі ғимараттар арасындағы қашықтық пен белгілі бір шектеулерді ескермейтін жергілікті биліктің тікелей рұқсатымен орын алады.
Бұл жағдайлар экологиялық және көлік инфрақұрылымына теріс әсер етеді. Өйткені тығыз салынған биік ғимараттар таулардан келетін ауа ағындарының жолына кедергі болады, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде, оның ішінде жойқын жер сілкінісі кезінде қиындықтар тудыруы мүмкін. Кеңестік құрылыс нормалары бойынша Алматы негізінен аз қабатты ғимараттармен салынғаны кездейсоқ емес, бұл өңірдің сейсмикалық ерекшеліктеріне байланысты болды.
Сонымен қатар, қаланың су бұру жүйесі бойынша жағдайды, соның ішінде дренаждық-нөсерлік кәріздер мен жаңбыр ағындарын суаруға және бұруға арналған арықтарды атауға болады, олар бүгінгі күні қараусыз қалған және су бұруға төтеп бере алмайды. Ал көптеген арықтар ретсіз құрылыстың салдарынан тұйыққа тірелді, бұл жеке сектордың, әсіресе, Алматының төменгі бөлігінің су басуына алып келеді.
Сондай-ақ, Елбасы да, Мемлекет басшысы да әрқашан Алматының ерекше мәртебесін атап өтіп, қала үшін басымдық жаңа құрылыстар емес, жақсы қаралатын саябақтар, гүлзарлар, жасыл көшелер болуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Үкіметтің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Жаңа Алматының» 2020 - 2024 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысында да, «Алматы-2025» даму бағдарламасында да қозғалған проблемалардың ешқайсысы тиісті түрде көрсетілмеген.
Баяндалғанның негізінде, «Ақ жол» депутаттық фракциясы Алматыны дамыту тұжырымдамасын қайта қарап, келесі бағыттарға баса назар аудару қажет деп санайды:
1. Қалыптасқан сәулет көркінен шығып жатқан көпқабатты ғимараттардың тығыз құрылысына тыйым салу.
2. Көпжылдық сау жасыл кеңістікті кесуге қатаң тыйым салу.
3. Ғимараттардың биіктігі бойынша шектеулерді қайтару.
4. Саябақтар мен скверлер алаңын қала аумағының 40%-на дейін жеткізу.
5. Арық жүйесін құрылыс стандарттарына қосу арқылы дамыту.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары