Халық санағы алғаш рет онлайн түрде өтеді.

Халық санағы алғаш рет онлайн түрде өтеді.

Елімізде 2021 жылдың қыркүйегі мен 30 қазан аралығында халық санағы өтетін болады. Халық санағын өткізудегі басты ерекшелік замануи технологиялардың енгізілуі.

Елімізде халық санағы сауалнама түрінде немесе офлайн түрде әрбір үйді аралау арқылы болған болса, ал 1 қыркүйектен бастап онлайн форматта санақ жүргізетін sanaq.gov.kz сайты жұмысын бастайтын болады. Сайтта санаққа қатысты сұрақтарға 15 қазанға дейін жауап береді. Онлайн санақтан бөлек, яғни дәстүрлі санақ жүргізіледі. Бұл санақтың жаңашылдығы сол, арнайы электронды планшеттер пайдаланылады. Мәліметтерді жинау мақсатында сауалнамаға қатысушының ЖСН қолданылады.

Ұлттық санақ кезінде азаматтарға 87 сұрақ қойылады. Негізі 67 сұрақ. Бірақ нақтылау мақсатында қосымша 20 сұрақ қарастырылған. Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында жүйе 24 сағат бойы жұмыс жасайтын болады. Ұлттық санақ елімізде 2021 жылдын 1 қыркүйек және 30 қазан аралығында өтеді. Тек sanaq.gov.kz сайтынан бөлек egov kz платформасынанда санаққа қатысу мүмкіндігі бар.

Рымқұл Асылжан Болатқызы

Қарағанды облысы Шет ауданы

Ж.Ақылбаев атындағы МГ 11-СЫНЫП

qazaquni.kz