Қазақстанда ауру сейіле бастады

Қазақстанда ауру сейіле бастады

2021 жылдың 18 мамыр күні үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін айтты. Бұл жайлы ҚазАқпарат өзінің ресми сайтында хабарлады.

“Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды", - деді министр. 

Алексей Цойдың мәліметіне сенсек, 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың ең жоғарғы толымдылығын Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы көрсетіп тұр. 

"Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 49, Алматы облысында - 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 52, Алматы қаласында 47 пайызды құрайды", - деді министр.  


Сайрамбай Асылай Бақтыбайқызы 

Қосан Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Зертас ауылы

qazaquni.kz