Ташкентте телемұнараға найзағай түсті
2021 ж. 24 мамыр
1066
0

Ташкентте телемұнараға найзағай түсті. Оқиға 23 мамырда кешке болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nuz.uz басылымына сілтеме жасап.
Қолайсыз ауа райының видеосы әлеуметтік желілерде тараған.Өзбекстан ТЖМ өкілдері сағат шамамен 20.30-да телемұнараға найзағай түскенін растады. Алайда мұнараға ешқандай зиян келмеген. Өйткені ғимарат найзағайға қарсы жабдықталған және ұқсас құбылыстардан толық қорғалған.
Нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр деп сендірді ТЖМ өкілдері.