Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді - Алексей Цой
2021 ж. 18 мамыр
841
0
Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды», - деді министр.
Оның дерегінше, өңірлер шегінде 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 36, ал реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 28 пайызды құрап отыр.
«Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 49, Алматы облысында - 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 52, Алматы қаласында 47 пайызды құрайды», - деді Денсаулық сақтау министрі.