Қорғаушы Сәрсенов Челахтың ісінен шикіліктер тапты.

Тергеу нұсқасы бойынша қанды оқиға болған сәтте Владислав кезекшілікте тұрғандығын еске алды. Бұл кезде Қамбар Ағанас та күзетте болған. Әрі Челах тергеу басталған шақта өзінің кінәсіздігін айтқан. Сәрсеновтың пайымдауынша, әр күзетшілікте тұрған азамат қолына автомат, оқ салынбаған екі қорап, радиостанция мен кішкене шам алады. Ал, Ағанастың қаза болған жерінен бұл заттардың ешбірі табылмаған. Әрі бұл жайында Челахқа ешкім сұрақ қоймаған. Және бұл шикіліктерді ол конституциялық шағымда көрсетті. 68 беттен тұратын құжатты қорғаушы сәуір айының басында көрсетпекші.