ҚазҰУ-да нейроғылым мамандығы ашылады
2021 ж. 12 мамыр
2127
0
Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев әлемге танымалнейробиолог-ғалым, Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) профессоры БазбекДәулетовпен кездесті.
Әңгімебарысында ғылыми ынтымақтастықты орнату, өзара байланысты нығайтумәселелері талқыланды.
ЖүздесудеЖОО басшысы Жансейіт Түймебаев шетелден үздік ғалымдарды тартудың елғылымы үшін маңыздылығына тоқталып, осы салада мемлекет тарапынанқабылданған тиісті шараларды атап өтті.
Ректор өзсөзінде: «Сіз Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Техасуниверситеті, Кембридж университетінде білім алып, жұмыс істедіңіз. Күрделінейробиология ғылымындағы тәжірибеңіз біздің студенттер үшін өте құнды» дейкеле, Дәулет Әбубәкірұлына ҚазҰУ-да дәріс беру туралы ұсынысын қабыл алғаныүшін алғыс білдірді. Бұл шешім университет үшін үлкен мәртебе екенін жәнебірлескен ғылыми зертхана құруға дайындығын жеткізді.
ПрофессорБ.Дәулетов өз кезегінде ҚазҰУ жанындағы Когнитивті нейроғылым орталығыныңзерттеулеріне қызығушылық танытып, «Мидың, эмоционалды-когнитивті функциялардыңдамуын және олардың әртүрлі жас топтарындағы генетикалық маркерлерін МРТ/ЭЭГзерттеу» жобасы жайлы пікірімен бөлісті.
Нәтижесіндеәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биофизика, биомедицина және нейробиологиякафедрасында «Нейроғылым» жаңа мамандығын ашу туралы келісім жасалды. Бұлмамандық елімізде және бүкіл Орталық Азия өңірінде тұңғыш рет оқытылатынболады.
Нейроғылым– бұл ми мен жүйке жүйесінде болатын физиологиялық үдерістерді зерттейтінпәндер жиынтығы. Осыған дейін жүйке жүйесін зерттеумен нейробиология айналысса,бүгінде нейроғылым қарқынды дамуда. Ол психология, биология, педагогика,медицина, компьютерлік технология, лингвистика, инженерия және философия салаларыменпәнаралық байланыста зерттеу жүргізеді.
Айтакетсек, Базбек Дәулетов – Шеффилд университетінің биомедициналық ғылымдарбөлімшесінің профессоры, молекулярлық нейробиология саласындағы бірқатар жаңабірегей технологиялардың авторы, Кембридж университетінде 15 жыл бойы жұмысістеген. Ол SP-BOT және Derm-Bot молекулалары созылмалы ауруы бартышқандардағы ауырсыну нейрондарының белсенділігін басуға қабілетті екенінанықтады. Б. Давлетовтің басшылығымен онкологияны емдеуге арналғанtranslation-inhibiting enzymes (Tie-s) тежегіш энзимдеріне зерттеулержүргізілуде, оның нәтижелері антиденелерді, олардың фрагменттерін, энзимдердіжәне кіші интерферирлеуші РНҚ-ны қамтитын жаңа мультифункционалды терапияныжобалау үшін пайдаланылмақ.
Кездесуденейроғылым саласы бойынша гранттық қаржыландыруға бірлескен ғылыми жобалардыдайындау мәселесі де кеңінен қаралды.
Сондай-аққосдипломды білім беру мүмкіндіктері, жаңа жобаларды ғылыми журналдардажариялау, Шеффилд, Кембридж университеттерімен студенттер алмасу, магистранттармен PhD докторанттардың ғылыми кеңестерін жүзеге асыру бағыттары қамтылды.