Ұлыбритания профессоры ҚазҰУ-да дәріс оқи бастады
2021 ж. 12 мамыр
1805
0
Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінде нейробиология саласында әлемге танымалғалым, Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) профессоры Базбек Дәулетовтіңқатысуымен «Нейроғылымның қазіргі заманғы мәселелері» атты онлаин дөңгелекүстел өтті.
ЖиындыҚазҰУ-дың бірінші проректоры міндетін атқарушы Қанатбек Мұқанов ашып, мәртебеліқонақты таныстырды.
АкадемикБолатхан Заядан баяндама жасап, өзі басқаратын биология және биотехнологияфакультетінің білім беру және ғылыми қызметі туралы ақпарат берді.
КездесудеБазбек Дәулетов өзінің зерттеу жұмысы туралы жан-жақты әңгімелеп, созылмалыауруларға қарсы жаңа препараттар жасап шығару тәжірибесімен бөлісті.
Ауырсынудыазайту үшін мамандар 200 жыл бұрын ойлап табылған морфин және басқа дапрепараттарды қолданады. Бұл екпелер ағзаға аз уақыт қана әсер етеді.
«Бұлсозылмалы ауру мәселесін түбегейлі шешпейді және олар ағза үшін улы. Бүгінгітаңда бұл мәселе тек АҚШ, Еуропа ғана емес, Азия үшін де аса өзекті. Бізкөптеген зерттеулер жүргізіп, ботулиндік токсиндерді жасадық. Тышқандарғасыныма ретінде қолданған кезде олардың молекулалық құрылымын өзгерту арқылыауырсынуды 23 күнге дейін жеңілдетуге қол жеткіздік» дейді профессор.
Ғалымботулиндік нервотоксиндер ағзаға кері әсер тигізбейтінін айтады, олардыкосметология, бас ауруы, қыликөз және тағы басқа ауруларда пайдаланады.
Осылайша,профессор молекулалары тек жүйке ұштарына әсер ететін жаңа препаратты жасаумақсатын көздеп отыр. Бұл созылмалы аурулар мен опиоидтарды үнемі қолданудыңжағымсыз салдарын жоймақ.
Сондай-ақжиынға қатысушылар ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалары жөніндесұрақтар қойып, нейроғылым мен нейробиология салалары бойынша алдағы бірлескенғылыми жұмыс барысын талқылады.