«Жігіт сұлтаны - 2021» анықталды
2021 ж. 07 мамыр
1622
0
Оралда «Жігіт сұлтаны - 2021» байқауы мәресіне жетті. Байқау жеңімпазы 300 мың теңге ақшалай сыйлаққа және «Жігіт сұлтаны-2021» белбеуіне ие болды.
Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.Отан қорғаушылар күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған жарыс екі күн бойы өткізіліп, оған облыс аудандары мен Орал қаласынан келген жастар қатысты.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов байқаудың Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ұлттық мәдениет пен спортты насихаттауға бағытталғанын атап өтті.
«Жарыс жас жігіттер арасында салауатты өмір салтын және ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауға зор үлес қосатыны сөзсіз. Болашақта біздің атбегілер әлемдік ареналарда еліміздің абыройын асқақтатады деп сенемін. Ауыр эпидемиологиялық жағдайға қарамастан өңірде біз мәдени маңызы бар жарысты өткізуді ұйғардық. Жас ұрпақ арасында «Жігіт сұлтаны» атағына лайықты, батыл жігіттер көп болсын», - деді Бақытжан Нарымбетов.
Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қолғанат Серіков есімді азамат жеңімпаз атанып, «Жігіт сұлтаны-2021» белбеуі мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Жүлдегерлерге арнайы жасалған домбыра, барлық керек-жарақтары бар ертоқым мен қасқырдың терісі, ал қалған қатысушыларға құндыз бөрік, қамшы мен дипломдар табысталды.