Қазақстанда 6 мамырдан бастап Sinopharm вакцинасы салынады

Қазақстанда 6 мамырдан бастап Sinopharm вакцинасы салынады

6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан тұрғындары Sinopharm Қытай вакцинасын салдыра алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Қазір басқарма қоймаларына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы келді. Ертеңнен бастап осы вакцинаны егуге кірісеміз. Бұл вакцина – осы өндіруші компанияның вакцинасын салдыруға ниет білдірушілер үшін таңдау-препараты», - деді Мұратов елорда әкімдігінің онлайн брифингінде.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинациялау үшін үш вакцина барын мәлімдеген болатын. Олар – ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac және Hayat-Vax қытай технологиясымен өндірілген араб вакцинасы.