Төсекте өлген жезөкше табытта қайта тірілді

АСТАНА. 27 наурыз. BAQ.KZ – Африканың Зимбабве елінде күтпеген жайт орын алды. Булавайо қаласындағы жезөкшелердің бірі «қызмет көрсету» кезінде кенеттен көз жұмып, бірнеше сағаттан кейін қайта тірілген.  
Оқиға Manor қонақ үйінде орын алыпты. Мандло есімді жезөкше ақшаға тәнін сатып, келушілерді қабылдап жатқан сәтінде жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер мен қонақ үй қызметкерлері оны өлдіге санап, табытпен далаға алып шығып жатқанда «марқұмға» қайта жан бітіпті. Жанмен бірге тіл де бітіп, ол: «Сіздер мені өлтіргелі жатырсыздар ма?» деп айқайға салған. Мұндайды күтпеген сол маңдағы адамдардың көбі қорыққаннан қашып кетіпті. «Барлығы тура кинодағы секілді болды. Жұрттың барлығы жан-жаққа тұра қашты. Біз оның өлгеніне сенімді болатынбыз. Денесі де мұздай еді. Енді мен бұдан былай ғажайыптарға сенемін» дейді куәгерлердің бірі. Бұл жайт орын алғанда тіпті тәртіп сақшылары да өздерін бір сәтке жоғалтып алған. Қайта тірілген жезөкше де болған оқиғаға полицейлерді кінәлап, жағадан алыпты. Ал, жерлеу агенттігінің мамандары болса жұмыстарына бос табытпен қайтты.