Қазақ күйі мен өзге ұлттардың тілегін үндестірген «YNTYMAQ»

0
431

«Қазақконцерт» ұйымы Қазақстан халқын 1-мамыр мерекесімен құттықтады.

Көрермен назарына заманауи форматтағы «YNTYMAQ» күйіне түсірілген бейнебаян ұсынылды. Елімізде татулықта өмір сүріп жатқан өзге этнос өкілдері бейнероликте өз құттықтаулары мен лебіздерін жеткізді.

Қазақконцерт директоры Жеңіс Сейдуллаұлы мәлімдегендей, Қазақстан халқының бірлігі – Тәуелсіз еліміздің басты жетістігі.

– Барша қазақстандықтарды бұл жарқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын. «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі ұсынған жаңа туындының басты ерекшелігі – бірлік тақырыбын қазақтың домбыра, қобыз, шаңқобыз, шертер, дауылпаз т.б. сынды ұлттық аспаптарының үнімен шебер ұштастырылған. Әуенге түсірілген арнайы мерекелік бейнеролик те көп ұлтты халықтың татулығын көрсетіп, Қазақстанның сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін паш етті,- деп мәлімдеді Жеңіс Сейдуллаұлы.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз