Елімізде тағы бір университет құрылады
2021 ж. 29 сәуір
1462
0


ҚХА-ның онлайн-сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жаңа университет құрылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа университет Алматыда салынуы мүмкін.
«Зияткерлік мектептер барлық аймақтарда құрылды. Ал шыңы – Астанадағы университет. Алғаш рет университетке менің есімімді бергенін құптадым. Өйткені оның беделді болғанын қаладым. Ол қазір беделді, әлемге танылған оқу орны. Енді біз тағы бір жасанды интеллект университетін салғымыз келеді, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.