Атадан балаға мал емес, тал қалады
2021 ж. 28 сәуір
539
0
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны көгалдандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында БҚО бойынша ҚАЖ пробация қызметінің мамандары қалалық мәдениет және демалыс саябағында жас ағаш көшеттерін отырғызды. Ағаштарды отырғызуға пробация қызметінің инспекторларымен бірге, қала тұрғындары да қатысты. Бұл келелі іске қоғамнан оқшауламай жазасын өтеп жатқан сотталғандар да өз үлестерін қосты. БҚО бойынша ҚАЖД Орал қаласының пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Талғат Құрманғалиев көшет отырғызу акциясы одан әрі жалғасатынын атап өтті.
Сенбілікке қатысқандар канадалық үйеңкі талын отырғызды. Бұл қоңыр жапырақтарымен ерекшеленетін кең жапырақты ағаш. Оның биіктігі 25 метрге дейін өседі. Бұл қала тұрғындары сүйетін саябақ үшін керемет безендіру болады. Бұл жапырақты биік үйеңкінің жаздың аптап ыстығында адамдарға көлеңкесі саялы болатыны сөзсіз. Сондай ақ, тал егуге қажетті көшет пен тағы басқа керекті құрал –саймандарды қалалық әкімдікке ұсынған «Ұлан» шаруа қожалығына айтар алғысымыз шексіз. Саябақта таза ауамен тыныстап жүрген қала тұрғындары ағаш егіп жатқан біздің қызметкерлер мен жазасын өтеушілерге, өз үлесін қосып жатқан адамдарға ықылас сөздерін арнап, алғыс айтты. Қалалық саябақты жаңа жас ағаштармен толықтыру бастамасын қуана қабылдады.