«Кинотанушы Бауыржан Нөгербек» атты жаңа кітаптың тұсаукесері

«Кинотанушы Бауыржан Нөгербек» атты жаңа кітаптың тұсаукесері

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында 2021 жылғы сәуір айының 29 күні «Кинотанушы Бауыржан Нөгербек» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтеді. Кітап белгілі кинотанушы, көрнекті ғалым, профессор, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің өмірі мен шығармашылығына арналған.

Кітапта Бауыржан Нөгербектің қазақ кино өнері, оның қалыптасу және даму тарихы, ұлттық кино өндірісінің ерекшеліктері туралы әр жылдары баспасөз бетінде басылған мақалалары мен сұхбаттары, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері жинақталған. Сондай-ақ ұлттық киноның туын көтерген көрнекті ғалым, кинотанушы, өткір ойлы сыншының өмірі мен шығармашылығы, азаматтық ажары мен қайраткерлік келбеті туралы әріптестері мен шәкірттерінің, дос-жарандары мен туған-туыстарының естеліктері берілген. Кітап Алматы қаласындағы Қазақ университеті баспасынан шығып отыр. Құрастырушылары – Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің жары, белгілі театртанушы Гүлжаhан Бекхожина және ұлы, белгілі кинотанушы, Phd докторы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті Баубек Нөгербек.

        Өтетін күні: 29 сәуір, 2021 жыл

        Өтетін орны: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы

        Басталуы: 11.00

        Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 11

F:LIVE Тікелей эфир FACEBOOK: https://www.facebook.com/www.nabrk.kz  ZOOM: 8805768725

Байланыс телефондары: + 7 701 508 0843; + 7 702 487 8400