Ескендір Хасанғалиев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
2021 ж. 22 сәуір
2213
0
Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев пен оның жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкесі мен анасының ауруханада жатқанын ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің «жағдайы тұрақты, нашарлау жоқ» - деген сөзі көп үміт және сенім береді», - деп жазды әншінің ұлы.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның жағдайы бүгінгі күні тұрақты. Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.