Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа төрағасы тағайындалды

Президент Жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы лауазымына тағайындалды. Оның ҚР Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. М.М. Ахметжановты тағайындау туралы Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 16 сәуір № 552