Алматыда айыппұлдарды жоюмен айналысқан полицейлер ұсталды
2021 ж. 12 сәуір
510
0
Алматыда полицейлердің ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, жылдар бойы жол ережесін бұзу бойынша салынған айыппұлдарды өшіріп келгені үшін ақша алғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
– Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында полиция қызметкерлері мен бұрын сотталған адамдар болған. Олардың 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін айыппұлдарды өшірумен айналысқаны анықталып, қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталды, – деді Биғайдаров.
Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен мемлекетке аса ірі көлемде, 247 млн теңгеден астам сомаға зиян келтірілген.