«Фараби әлемі»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 6 сәуірде еліміздегі ең ірі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы басталды. Жыл сайын аталған ғылыми форум бүкіл Қазақстаннан және жақын, алыс шетелдерден 6 мыңнан астам қатысушылардың басын қосады. Биылғы жылы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шаралардың әсеріне байланысты конференция қашықтық форматта өтеді. Конференцияда ғылымның түрлі салалары бойынша теориялық, эксперименттік және қолданбалы бағыттағы 120 секция бойынша баяндамалар тыңдалады. «Фараби әлемі» конференциясы аясында дәстүрлі түрде «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Үздік жас ғалымы» байқауы өткізіледі. Байқаудың мақсаты ғылыми-инновациялық қызметті белсенді жүргізетін университеттің білім алушыларын, жас ғалымдары мен қызметкерлерін қолдау, олардың ғылыми жетістіктерін танымал ету, ҒЗЖ нәтижелерін оқу және өндірістік процестерге енгізу. Байқаудың Сараптамалық комиссиясының шешімі негізінде әр номинация бойынша «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы Үздік жас ғалым» және «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы Үздік жас ғалым» наминациялары бойынша 16 үздік жас ғалым анықталады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Фараби әлемі» конференциясы мен «Үздік жас ғалым» байқауының жеңімпаздары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының дипломдарымен және ақшалай сыйақымен марапатталады.