ЖЕТІСАЙҒА ЖАҢА ӘКІМ КЕЛДІ

Бүгін Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Жетісай аудандық мәслихаты депутаттарының қолдауымен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қадырбек Мұрат Болатұлы 200 мыңға тарта тұрғыны бар аймақты басқаратын болды. Дәл қазір Жетісай ауданы әкімдігінің ғимаратында аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр. Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі қатысуда, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі 2016 жылдың қыркүйек айынан Арыс қаласының әкімі қызметін абыроймен атқарып келген Мұрат Қадырбек іскерлігімен антикризисті менеджер екендігін дәлелдеді. Тәжірбиелі басшы екендігі 2019 жылдың маусым айында орын алған төтенше жағдайда қаланы қалпына келтіріп, халықтың жағдайын жасауда айқын көрінді. Мұрат Болатұлы 1980 жылы туылған. Қарағанды облысында прокуратура органдарында, Шығыс Қазақстан облысында сот қызметін атқарып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы — Тәртіптік Кеңес төрағасы лауазымын атқарған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы — Тәртіптік Кеңес төрағасы, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау аумақтық департаментін басқарған. Соңғы 5 жылда Арыс қаласын басқарып келді.