«Ақ жол»: Отандық өнімді бүгін қолдамасақ, ертең қымбатқа ұрынамыз

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары 

Р.В. Скляр мырзаға

Индустриялық дамудың маңызды міндеті өңдеуші өнеркәсіпті барынша дамыту, дайын өнім өндіру және экономика құрылымының күрделенуі болып табылады. Өз кезегінде, бұл міндет өндірушілерді шикізатпен және материалдармен қол жетімді бағада қамтамасыз етуге және өнімнің өзіндік құнын өтейтін сату нарығының болуына тікелей байланысты. Сонымен қатар, экономиканың бірқатар салалары – ең алдымен машина жасау және металл өңдеу, сондай-ақ құрылыс - осы негіздерге нұқсан келтіретін жағдайға тап болды. 2020 жылдың соңында металл, сұрыпты прокат және дайындау бағасының күрт және айтарлықтай өсуі байқалды. Сонымен қатар, бағаның өсуі ЕАЭО нарығында да, әлемдік деңгейде де байқалады. Мысалы, Лондон металдар биржасының деректеріне сәйкес, 2020 жылғы қазаннан бастап ағымдағы жылғы наурыз аралығында болат бағасының өсуі 56%-ды құрады. «Ақ жол» партиясының депутаттарына металл прокатының бағасы өнімнің өзіндік құнының елеулі үлесін құрайтын Машина жасаушылар одағы, Құрылыс компаниялары қауымдастығы, Қорғаныс кәсіпорындары қауымдастығы және өндірістің басқа да секторларының кәсіпорындары өтініш білдіруде. Металл прокаты бағасының 50%-ға өсуі осы салаларда өзіндік құнның 20-25%-ға және одан да көп өсуіне алып келді. Бұл ретте, Қазақстанның машина жасау және металл өңдеу негізінен ішкі корпоративтік нарыққа және квазимемлекеттік сатып алуға өнім жеткізуге шоғырланған. Алайда, квазимемлекеттік сатып алу нарығында конъюктураның ауытқуы кезінде бұрын жасалған келісімшарттардың бағаларын міндетті түзету механизмі жоқ. Сондықтан «Самұрық-Қазына» қорының еншілес және тәуелді ұйымдарының отандық машина жасау өнімдеріне сатып алу бағаларын қайта қарау туралы кәсіпорындардың өтініштеріне қаңтар айынан бастап жауап жоқ. Сонымен қатар, 50-56% байқалған ауытқулар барлық ықтимал кәсіпкерлік тәуекелдер мен кәсіпорындардың беріктігін қамтамасыз етеді. Және мемлекет пен машина жасау өнімдерін тұтынушылар тарапынан қолдау болмаған жағдайда салалардың өндірісін тоқтатуға дейін жетуі мүмкін. Машина жасау өндірістік экономиканың техникалық және технологиялық дамуын, кадрлардың біліктілік деңгейін және сабақтас өндірістердің дамуын шоғырландыратын және шешуші дәрежеде айқындайтын өңдеуші өнеркәсіптің маңызды саласы болып табылады. Жағдайдың күрделілігін ескере отырып, «Ақ жол» фракциясы Үкіметтен қалыптасқан жағдайдан шығу, оның ішінде «Самұрық-Қазына» қорының және басқа да квазимемлекеттік кәсіпорындардың баға саясатын түзету, сондай-ақ отандық бизнесті қолдаудың басқа да тікелей және жанама шаралары арқылы шығу үшін қажетті қадамдар іздестіруді сұрайды. Егер бүгінгі күні өзіміздің жабдық жасау өндірісімізге қолдау көрсетпесек, онда бір жылдан кейін шетелдік өндірушілерден дәл осындай жабдықты мүлдем басқа бағамен сатып алуға тура келеді. Құрметпен,  «Ақ жол» фракциясының депутаттары