Петропавлда Ленин ескерткіші 9 миллионға сатылымға қойылды

0
385

OLX сайтында биіктігі 3,5 метр Владимир Лениннің қола мүсіні сатуға қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Капитализмде бәрін сатып алуға болады, соның ішінде Ленин ескерткішін де. Мүсіннің салмағы 1400 келі екені хабарланды. Ескерткіш тұғырында «КСРО Өнер қоры, Мытищинс көркем құю зауыты» деген жазу бар.

«Мұндай құнды экспонаттың иесі оны қайдан алғанын айтудан бас тартты, ол Ленин мүсінін түрлі-түсті металл сынықтары емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын хабарлады. Бағасы 1 600 000 Т деп тұр, бірақ жарнаманың мәтінінде ақша рубльмен көрсетілгені жазылған. Ұлттық валютаға ауыстырғанда бұл шамамен 9 миллион теңге», – делінген сайтта.

Ескерткіш шынымен қоладан жасалса, онда түсті металл сынықтары нарығындағы оның құны шамамен 1400 келіге 2 миллион теңге болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз