Мамандарға мықты терапия

Бұл сала мамандары жұмыс бабымен түрлі оқиғаларға күнделікті ұшырасып тұрады десек артық айтпаймыз. Себебі, түрмеге әр түрлі адамдар келеді. Олардың ниеті де әр түрлі. Ұғып болмайсың. Қанша жерден қырағы болсаң да, біреу заңды аттап кеткісі келіп, жүйкеге салмақ түсіріп жатады. Әскери мамандардың осындай қиындықтарға төтеп беру үшін Қылмыстық – атқару жүйесі мен мекеме басшылары қарамағындағы мамандардың физикалық-психологиялық тұрғыда алымдылығын, шымырлық дайындығын үнемі қадағалап отырады. Сондықтан, мекеме қызметкерлеріне түрлі салауатты сауықтыру, сергу, демалу мәдени іс – шараларын ұйымдастырып тұрады. Мысалы, шаңғы тебу – спорт жарысының, демалыстың және саяхаттаудың бір тәсілі. Кеше РУ-170/3 мекемесі қызметкерлерімен күнделікті жұмыс күйбеңінен арылып, бір уақ депрессиялық жай-күйден арылу мақсатында тау бөктеріне шығып жеке құраммен таза ауамен тыныстап, шаңғы теуіп қайтты. Бұндай мәдени шара бір жағынан ұжымды біріктіріп, қызметтестер арасында жағымды моральды-психологиялық ахуал орнатады. Салаутты демалысты ұйымдастыруға мұрындық болған мекеменің психолог - мамандары. Шаңғы серуені – қыс айында таза ауада өкпенің белсенді түрде жұмыс істеуіне әсер етіп, ағзаға оттегі жеткізетін әдіс. Шаңғы тебу дене сымбатын сақтауға көмектесіп, денсаулықты шымыр етді. Сондай ақ, жүрек-қан тамырлар жүйесін нығайтып, сүйек буындарының жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Барлық бұлшық ет топтарын шынықтырып, қан айналымын реттеп белсенділігін арттырады. Осылайша бүкіл денеге оң әсер етіп, денсаулықты нығайтады. Ересек адамдарда сүйек қаңқасының қозғалысына, сүйек ауруларымен күресуге және сүйектердің морттығын болдырмауға көмектеседі. Иммундық жүйеге әсер етіп, оны айтарлықтай күшейтеді. Шаңғы тебу қыс айында оңай қол жетімді спорт түрі. Шаңғымен сырғанау спортының бір артықшылығы- шаңғымен сырғанау кез келген жастағы барлық адамдар үшін пайдалы. Мекеме қызметкерлері шаңғы теуіп, ерекше көңіл-күймен, күш жинап сергіп қайтты.