Азғындықты насихаттайтын шеруді де көз көрді-ау - танымал заңгер
2021 ж. 09 наурыз
3240
1
“Әкесін сабағанды көріп едік, бірақ арбаға таңып қойып, сабағанды бірінші көруім”, дейтін сөз бар еді, қазақта, деп жазады желіде Lyazzat Akhatova.
Митингтің, шерудің түрін көріп ек, әйел құқығын, феминизмді сылтауратып, ЛГБТ-ның туын жалаулатып, азғындықты насихаттайтын шеруді де көз көрді-ау. Бұрын ондай шерулерді батыстық елдерден көруші едік, енді қазақ топырағына да жетті. Бабалар қасық қаны қалғанша, күрескен жерімізде, сол батырлардың ориентациясы ауысқан лесбиянка мен гей ұрпағы жер үшін емес, "жатыры" үшін күресіп жатыр. Ананың жатыры - ұрпақ көбейтетін қасиетті жер емес пе? Оны айқайлап айтпаушы еді, санасыз, мәңгүрт қазақтардың арқасында оған да жеттік. Сол жатырдан қанша ұрпақ өрбіп, алтын құрсақты Аналар қазақ деген ұлттың жер бетінен жойылып кетуінен сақтамап па еді?
Бұл жерде таяқтың екі ұшы бар.
Қазақтың өрімдей қыздарын өздеріне тәуелді екенін пайдаланып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, ер адамдарға деген сенімін жоғалтатын, обал-сауап деген ұғымнан жұрдай, нәсіпқұмар қазақтың азаматсымақтары да ойлану керек, бұл жағдайда, дейді пост авторы.