Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Жеті адам тіл тартпай кетті
2021 ж. 03 наурыз
984
0
Қостанай-Әулиекөл тас жолында жол апаты болып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны желіге жариялады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай-Әулиекөл тас жолының 69-шы шақырымы – Новонеженка және Лаврентьевка кенттері арасында жол апаты болды. Екі джиптің соқтығысқан.
Lexus автокөлігінде болғандар Қостанайдан Нұр-Сұлтан қаласына бара жатқан. Ал Mitsubishi Pajero жүргізушісі облыс орталығына қарай бет алған.
“Шақыртуға екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Апатқа қатысушылардың барлығы – жеті адам қаза болған. Lexus-тегі үш ер адам және Mitsubishi-дегі ер адам және үш әйел оқиға орнында көз жұмды. Жарақаттары ауыр болған”, – деп хабарлады Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиға орнында облыстың полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.