«Ақ жол» депутаттары ауыл тұрғындарымен кездесті

Ағымдағы жылдың 25-ші ақпан күні Шымкент қалалық маслихат депутаттары, “AQJOL" партиясының мүшелері Назипа Дарханбайқызы Мамықова мен Ноян Назарұлы Төлегенов Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекені тұрғындарымен кездесті. Кездесу, Көкбұлақ ауылындағы N118-мектепте өтті. Кездесуге жоғарыда аталған ауыл тұрғындарымен қатар қалалық әкімдіктің билік өкілдері (ЖХК, Құрылыс, Мәдениет, Энергетика басқармалары т.б.) қатысты. Кездесу барысында ауыл тұрғындармен төмендегі мәселелер талқыланды: - Ауыз су; - Интернет; - Ауыл ішіндегі автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары; - Ауыл ішін жарықтандыру; - Газдандыру, тұрғындардың үйлеріне көгілдір отынды жүргізу үшін жеңілдіктер қарастыру; - Жарықтандыру, яғни бағаналарды жаңарту; - Жыл сайын ауыл тұрғындарын аландататын Бадам өзеннің көктемгі су тасу қауіпінің алдын алу және т.б. мәселелер. Жоғарыда аталған мәселелерді қалалық мәслихат депутаттары мен билік өкілдері өз назарларына алып, жергілікті билікпен алдағы уақытта шешу жолдарын қарастырып, әлеуметтік желілер және БАҚ арқылы жариялайтын болады. Бұдан бөлек 04.02.2021 жылы Назипа Дарханбайқызы Мамықова осы Абай ауданына қарасты Көкбұлақ, Ақтас елді мекендеріндегі мектептерді аралап, өзекті мәселелерін тыңдаған болатын.