ҚХР-дан келген қандастарға зейнетақы құжатын жасайтын топ ұсталды
2021 ж. 23 ақпан
1211
0
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс шараларын жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Іс шара барысында ҚХР келген қандас ҚР азаматтарына әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан адамдар тобы анықталды.
Оқиға орнын тексеру барысында, ҚХР-дағы еңбек өтілін растайтын құжаттар, ҚХР-ның әртүрлі ұйымдарынның мөр бедерлері, нотариалдық қағаздар, станок және басқа да заттар тәркіленіп алынды. Аталған бұйымдардың көмегімен, әртүрлі қосалқы жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер) жасалынған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.