Жамбыл облысының әкімі Жаңатастағы қаралы үйде болды
2021 ж. 22 ақпан
1483
0
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатастағы өрт салдарынан бес баланың қайтыс болуына байланысты қайғылы оқиғаны зор өкінішпен қабыл алды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды. Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын", деп жазды 19 ақпанда кешке Жамбыл облысыныі әкімі Бердібек Сапарбаев Facbook-тегі парақшасында.
Ал бүгін - 20 ақпанда облыс әкімі қаралы шаңыраққа көңіл айтуға барды.
"Бүгін Талас ауданының Үшарал ауылында болдым. Жаңатастағы өрт салдарынан көз жұмған балалардың ата-анасы қазір осындағы қара шаңырағында. Әбдімәліковтар отбасының қайғысына ортақтасып, Мемлекет басшысының атынан көңіл айттым. Президент тапсырмасына сәйкес, қара жамылған жанұяға жан-жақты көмек көрсетілуде" деп жазды Сарабаев бұл ретте желідегі парақшасында.
Айта кетсек, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында қайғылы оқиға орын алды. Сағат 15:15-те қаладағы шағын аудандардың біріндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртке оранды. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туылған бес кәмелетке толмаған бала болған. Олар қараусыз қалған: әкесі жұмыста болса, анасы дүкенге кеткен. Балалар көмірқышқыл газынан зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жатқызылды, бірақ оларды құтқару мүмкін болмады, бесеуі де қайтыс болды.