Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысында болды
2021 ж. 20 ақпан
866
0

Мәжіліс депутаттары Андрей Линник, Азат Сембинов және Орталық Кеңестің хатшысы Болат Момышев Жамбыл облысына іс-сапармен барды.
Сапар барысында партия өкілдері Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде халық қалаулылары ақ халаттылардың мәселелерін тыңдады. Сонымен қатар пандемиямен күрескен медицина қызметкерлеріне алғыстарын жеткізіп, оларды COVID-19 індеті кезіндегі жанқиярлық ерлігі мен қайырымдылық көрсеткені үшін «Жанқиярлық күресі үшін» медалімен марапаттады.