Мекемедегі сотталғандар құжаттандырылды
2021 ж. 17 ақпан
518
0

Соңғы жылдары өмірдің бар саласына етене енген цифраландыру жүйесі, БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесіндегі сотталғандарды да құжаттандыруда жүйелі қолдануда. Құжаттандыру жұмысы арнайы есеп бөлімімен тұрақты түрде түгенделіп іске асырылады.
2020 жылы 77 сотталғанның құжаты берілсе, осы жылдың басында 13 сотталғанға жеке басын растайтын құжаттарды рәсімдеп, табыс ету салтанаты өткізілді. Мысалы, осы 2021 жылы сотталғандардың 5-еуінің құжаттары беймәлім жағдайда жоғалған болса, қалған 8 сотталғанның құжаты қайта ауыстырылып, жаңартылып берілді.
Осы мекемеге айдауылмен келген сотталғандардың жеке басын растайтын құжаттарды уақытында рәсімдеу, ауыстыру жұмыстарын Орал қаласы Көш-қон полициясы бөлімінің қызметкерлерімен ынтымақтастықта жүргізілетінін атап өткен жөн.
Әсіресе, басқа облыстардан келіп жазасын өтейтін сотталғандардың жеке басын растайтын құжаттарды реттеуде өзге облыстарға онлайн сұраныстар жіберіліп, олардың уақытылы орындалуын қадағалап, қайта рәсімдеуге көп көмектерін тиігізіп отырған Орал қаласы Көш-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Д.Зейнова, полиция майоры И.Жумашева, полиция капитаны Р.Куанов және А. Имашеваның еңбектері зор.
А.Е.Коноплева,РУ-170/3 мекемесі АЕБ бастығы,
әділет аға лейтенанты