Руслан Бекетаев ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Руслан Бекетаев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

1996 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін экономист–бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.

2009-2011 аралығында Ұлыбританиядағы Бристоль университетінде «Экономика, қаржы және менеджмент» мамандығы бойынша диплом алған.

2010-2011 жылдары Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті, Said атындағы Бизнес мектебінде білімін шыңдаған.

2012 – 2014 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

2017 – 2019 жылдары Лондон Университетінің Imperial College Бизнес мектебін бітірген. Executive MBA (жетекшілерге арналған бизнес-әкімшілендіру магистрі). ҚР Қаржы полициясы агенттігі Төрағасының құрмет грамотасымен – 2007 жылы, «Ерен еңбегі үшін» медалімен – 2008 жылы, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен – 2011 жылы, «Құрмет» орденімен – 2015 жылы марапатталған.