Бюджеттің 490 млн теңгесін жымқырған басқарма басшысы сотталды
2021 ж. 05 ақпан
1714
0
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды baq.kz.
Халықтың әл-ауқатының артуы экономикалық тұрғыдан тәуелсіз, мықты болатын әрбір мемлекет кәсіпкерлікті дамытуы тиіс. Бизнесті қолдау тек экономикалық блоктардың жүгі ғана емес, құқық қорғау органдарының да міндеті. Агенттік мемлекеттік органдардың шағын және орта бизнестің жұмысына заңсыз араласуы бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, - деді Бекайдаров.
Оның айтуынша, соңғы үш жылда аталған бағыт бойынша 1300-ден астам факт анықталды.
1008 жыл тұлға анықталып, 486 адам сотталды. Қабылданған шаралар 1500 кәсіпкердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді. Заңсыз әрекеттер пара алумен, алаяқтықпен және лауазымын пайдалану бойынша жүзеге асырылған, - деді ол.Бекайдаров атап өткендей, мемлекеттік сатып алу бойынша өткен аптада Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі сотталғанын айтты.
Байымбетов мүлікті тәркілеумен қоса 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, «Инвест-строй проект» ЖШС директоры Айтпаев 8 жылға бас бостаныдығынан айырылды. Олар 498 млн теңгені мемлекеттік сатып алу кезінде жымқырғаны үшін айыпталды. Шымкент бойынша 49 мың 500 гектар жерге топографиялық съемка жүргізуге арналған қаржы болатын, - деді ол.