Кәсіпорын 1,1 млрд теңгенің темір рудасын Қытайға заңсыз сатып жіберді
2021 ж. 04 ақпан
1956
0

2021 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында облыс аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз темір кенін өндіру дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2016-2017 жылдар аралығында облыстағы коммерциялық кәсіпорындардың бірі 128 тоннадан астам темір кенін өндіріп, үлестес компания арқылы ҚХР-на өткізген. Бұл ретте, сомасы 1,1 млрд теңге болатын пайда тапқан.
ҚР Қаржылық мониторинг комитеті аталған дерек бойынша ҚР ҚК 214-б. 2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісін қозғады.