Коронавирус: Қазақстанның 4 облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр
2021 ж. 02 ақпан
774
0
Денсаулық сақтау министрлігі 2 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 4 облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары. Ал Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта орналасқан. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан «сары» аймақта тұр.