Шымкент әкімі вакцина салдырды
2021 ж. 01 ақпан
859
0
Шымкентте коронавирусқа қарсы «Спутник V» екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Қалаға аталған вакцинаның 1000 дозасы жеткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы вакцина қабылдаған алғашқылардың бірі болды. №3 емханаға барып, екпе алдында дәрігерге тексерілді. Қарсы көрсеткіштер анықталмағандықтан, ерікті түрде вакцина салдырды. Қазіргі таңда денсаулық жағдайы жақсы.
«Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы қалалық Қан орталығындағы мұздатқыш камераларда уақытша сақтау үшін орналастырылып, бүгін сағат таңғы алтыда төрт емханаға жеткізілді. Екпе егу жұмыстарын жүргізу үшін қаладағы емханалардың базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылған.
Ерікті түрде вакцина егу үшін медицина қызметкерінің тізімі қалыптастырылған. Сонымен қатар медицина қызметкерлері үшін вакцинациялау бойынша семинар-тренигтер өткізіліп, қажетті медицина қызметкерілерінің барлығы оқытудан өтті.
Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігер егуге келген адамды міндетті түрде тексереді.
Айта кету керек, вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермейді және қатаң локдаунның жалғыз баламасы.