Перуашев жаңадан құрылатын агенттіктің функцияларын қайталайтын органдарды жоюды талап етті

Президенттің экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жаңа агенттік құру туралы шешіміне байланысты "Ақ жол" қызмет аясы қайталанатын ведомстволарды жоюды талап етті және Үкіметке сайлауалды бағдарламаның кешенді ұсыныстарын, соның ішінде бизнесті қолдау, тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұсыныстарын жіберді. Аталмыш депутаттық сауалды бүгін Азат Перуашев мәлімдеді.

ҚР Премьер-Министріне

Кеше Үкімет отырысында Президент Қ.Тоқаев бірқатар маңызды тапсырмалар бергені белгілі. Атап айтқанда, Президенттің ең резонансты бастамаларының бірі экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жаңа агенттік құруды атап өту керек, оның мақсаты - жалған кәсіпорындармен және қасақана төлемеушілермен жұмыс жасау. Бұл ретте, елімізде осыған ұқсас мәселелермен айналысатын кемінде екі мемлекеттік орган бар – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі. Олардың қызметі қандай белгілі бір дәрежеде бизнеске қысым жасаумен байланысты. Мәселен, өткен жылы "Ақ жол" фракциясының сұрауы бойынша Бас прокуратура 16 заңсыз қылмыстық істі тоқтатты және кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзғаны үшін Экономикалық тексеру қызметінің 150 қызметкерін жауапкершілікке тартты. Осыған байланысты, бизнеске қосарланған емес, үш есе қысым жасауды болдырмау үшін "Ақ жол" фракциясы аталған мемлекеттік органдардың салалары мен өкілеттіктерінің аражігін нақты ажыратуды жүргізуді, сондай-ақ жаңадан құрылатын агенттіктің функцияларын қайталайтын органдарды жоюды талап етеді. Бұл шешімдер өте қажет, өйткені кәсіпкерлердің айтуынша, қомақты сомаларды заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру және салықтан жалтару схемалары көбінесе бопсалау және пара алу жемқор шенеуніктердің ісі болса да, бизнеске жүктеліп отыр. Жаңа агенттік осындай кемшіліктерді жасамайды деп үміттенеміз. Біздің ойымызша, Президенттің шағын және орта бизнес жөніндегі тапсырмалары одан да маңызды болып отыр. "Ақ жол" фракциясы Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап өткен жылдың 11 наурызында карантин жағдайында шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірнеше ондаған нақты ұсыныстар жіберді. Өкінішке орай, біздің көптеген талаптарымыз ескерусіз қалуда. Сонымен бірге, мыңдаған кәсіпкерлердің жұмыстары тоқтап, бұрынғы жұмысшылар табыссыз отыр. Сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен кездесулерде олар келесіні хабарлады - егер санитарлық дәрігер жұмыс істеуге тыйым салса, бізге қалай өмір сүру керектігін айтсын. Жалдау ақысын, коммуналдық төлемдерді, банктерге несие, ал адамдарға жалақыны қайдан төлеуге болады. Біз COVID-19 пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарысқа қарсы шаралары әсерінен зардап шеккендерді, бірақ жұмысын қайта бастаған шағы және орта юизнес субъектілерін тікелей қаржылық қолдау шараларын енгізуді қарастыру қажет деп санаймыз. Яғни банктер, кредиттерді субсидиялау және салықтарды кейінге қалдыру арқылы ғана емес, сондай-ақ сақталған жұмыскерлерге жалақы қорының жартысын, жалдау және коммуналдық төлемдердің 50-ын өтеу жолымен және т.б. шешу. Біз аталмыш шараларды "Ақ жол" партиясының бағдарламасына енгіздік. Өткен сайлаудың қорытындылары бойынша біздің бағдарламамыз сайлаушылардың кең қолдауына ие болғандықтан, сондай-ақ кешегі Президенттің тапсырмаларына байланысты "Ақ жол" фракциясы Үкіметке біздің сайлауалды бағдарламамыздың бизнесті қолдау шаралары мен тәуелсіздікті нығайту, демократияны дамыту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және тағы басқаларын қамтитын барлық кешенді ұсыныстарын жолдады.