«Бомба қойылды». Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды
2021 ж. 18 қаңтар
1239
0
![](https://qazaquni.kz/wp-content/uploads/2021/01/1549872888_de9299f206fa7db73deb65b3acd512ab_xl-696x474.jpg)
Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен, - деп хабарлайды baq.kz.
16 қаңтар сағат 22:03-те елорданың тұрғын үй кешендерінің біріне бомба орнатылғаны туралы қоңырау түскені туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері 60 адамды эвакуациялады. Жарылғыш зат табылған жоқ, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті ұсталған. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр.