Олар да өз таңдауын жасады

Азаматтық қоғамда бас бостандығынан айырылғандар өз таңдауын жасауға құқықтары бар. Өзгелер сияқты 10 – қаңтар күні еліміздің келешегі үшін маңызы зор саяси шараға БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінде (№464 сайлау учаскесі) жабық сайлау өз деңгейінде ұйымдастырылды. Мекемеде орналасқан сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де ашылып, өз жұмысын бастады. БҚО бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты РУ-170/1 мекемесінде қамауда отырған тұлғалар өз құқықтары шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында таңдауларын жасады. Сайлау құқығына ие барлық күзетпен бірге қамауда ұсталған адамдар және бір кəмелеттік жасқа толған жасөспірім қатысты. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде маска режимі, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау, дезинфекциялау және желдету жұмыстарын жүргізу қатаң бақылауға алынды. Сайлау комиссиясының барлық мүшелеріне ПТР тестілеу өткізілді. 170/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі М. Сабиров мырза, «Бүгін біз еліміздегі аса маңызды процеске куә болдық және оның белсенді қатысушысына айналдық. Өйткені, мекемеде орналасқан сайлау учаскесінде күзетпен қамауда отырған 185 адам конституциялық құқықтарының негізінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында еліміздің мүдде-көзқарасын қорғайтын партияларына өз дауыстарын берді. РУ-170/1 мекемесінде күзетпен қамауда ұсталған тұлғалар өз елінің, өз ұрпағының болашағы үшін бүгінгі таңдаудың маңыздылығын терең түсінетіндіктерін көрсетіп, азаматтық ұстанымдарын байқатты. Сайлау комиссиясы өз алдына қойылған міндеттерді табысты орындап шықты. Сайлау өту процесі кезінде сайлау туралы заңнама талаптарына және халықаралық сайлау стандарттарына сәйкестігі бақыланды. Сонымен қатар, сайлаудың әділ өтуін «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, бақылаушы Дина Жайлыбекқызы Шапағат бақылауға алып, қадағалады. Сондай-ақ, «КТК» телеарнасының түсірілім тобы сайлау өту барысына түсірілім жүргізді. Осының барлығы, менің байламымша, сайлау рәсімдерінің ашықтығын және оның заңдылығын, сайлау учаскелерінде дауыс санаудың әділдігін қамтамасыз етуге септігін тигізді» - деді, мекеме бастығы әділет подполковнигі М.Сабиров.              Бұндай шараға қатысу бас бостандығынан айырылғандардың қоғам, адам алдында жауапкершілігін сезінуге тәрбиелейді. Бостандыққа шыққанда тұлға ретінде қоғам үшін жауапты екенін ұқтырады. РУ-170/1 мекемесінің баспасөз хатшысы