Қазақстанда екі жер сілкінісі тіркелді

12 қаңтарда Қазақстанда екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Бірінші жер сілкінісі 12 қаңтарда сағат 19:21-де Алматы қаласынан солтүстік шығыста 292 шақырымда тіркелді. Жаркентте 3-4 балдық жер дүмпуі сезілді. Екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығыста 302 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер дүмпуі сағат 20:39-да тіркелді. Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілмеді.