Мәжіліске депутат болып беделді қоғам қайраткерлері келді – сарапшы

0
520

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтындағы Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы Мәдина Нұрғалиева «Nur Otan» партиясы атынан Мәжіліске депутат болып бекітілген адамдарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тізім елеулі түрде жаңарғанын байқадық. Жаңа адамдар келген. Осы орайда Мәжілісте көтерілетін мәселелерге айтарлықтай ықпал ете алатын қоғам қайраткерлері бар», – деп тоқталды сарапшы.

Айта кетейік, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Орташа жасы – 49, яғни 4 жылға жасарды. Депутаттыққа кандидаттардың 7-уі ғана бұрынғы мемлекеттік қызметкер, яғни Фракция құрамында олардың саны 10%-тен аспайды.

 

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/mazhiliske-deputat-bolyp-bedeldi-kogam-kayratkerleri-keldi-sarapshy_a3740283

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз