Қазақстанда 23 мың адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр

Қазақстандағы 11 қаңтардағы ақпарат бойынша 23 498 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

23 498 адам короновирус инфекциясынан (11 577 КВИ+ және 11 921 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 890 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 272 адамның жағдайы ауыр;

• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.